ОҚО-да 300-ден аса жанармай бекеттері жабылудың алдында тұр

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында 300-ден аса жанармай бекеті жабылудың аз-ақ алдында тұр. Бұл туралы өңірдегі жанар-жағармай қауымдастығының төрағасы Қайыпбек Қамбаров мәлімдеді. Оның сөзінше қазір облыстағы шағын және орта бизнес өкілдері көптеген қиындықтарды бастан өткеруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Қауымдастық төрағасы бүгінде Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытынан тікелей жанармай алу қиындап, бекет қожайындары шығынға батып отырғанын айтады. Есесіне 15 қор жинаушы алпауыт компанияларға тиесілі делдалдар бензинді арзан бағамен алып, қымбат бағамен сатуда екен. Бекет қожайындары зауыттың өзінен алуға тырысқанымен ондағылар «босатылатын бензин көлемі жеткіліксіз, барлығына бірдей тарата алмаймыз» деген жауап алғанын айтады. Ал, мәселені айтып билік басындағыларға, Энергетика минстрлігі мен «Нұр Отан» партиясына хатпен шығып, көмек сұрағанымызбен нәтиже шықпады деп қынжылады. Жағдай осылай кете берсе өңірдегі 300-ден аса бекет жұмысын тоқтатып, 3 мыңға тарта адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Себебі, қазіргі делдалдардан алып отырған баға кеткен шығынды да ақтамай отыр.
null

«Мысалға АИ-92 сатылымда орта есеппен 138-142 теңгенің аралығында болатын болса, қор ұстаушы компаниялар 136 теңгеден сатып жатыр. Арада 2-3 теңге ғана түсетін. Осы 2-3 теңгеге біздің кәсіпкерлер алып жатыр. Бірақ даму мәселесі жоқ, жабылу мәселесі тұр. Жағдай өте қиын»,- дейді ОҚО жанар-жағар май қауымдастығының төрағасы Қайыпбек Қамбаров.
null

Еске салайық, бұған дейін өңірде зауыттан босатылатын жана-жағармайды жергілікті биліктен құралған арнайы комиссия бөліп, барлық 14 аудандағы барлық операторларға жетуін қамтамасыз етіп келген еді. Алайда бұл жүйеге бірқатар өзгерістер енгізіліп, зауыттан жанармай алу мүмкіндігіне тек қор жинаушы компанияларға қарасты 150-дей бекет қана ие болып отыр екен.

Соңғы жаңалықтар