ОҚО-да 226 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында биылғы жылы 196 инвестициялық жобаның құрылысы жүргізіліп жатыр. Салынып жатқан нысандардың 123-ін осы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланса, 73-і келер жылға өтеді. Бұл туралы облыстық құрылыс басқармасының басшысы Салыхан Полатов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

null
Жаңадан бой көтерген нысандардың бүгінгі күнге 7-еуі пайдалануға берілген. Атап айтар болсақ, олар: Сарыағаш ауданында 4 қабатты тұрғын үй, Отырарда инженерлік-коммуникациялық жүйелер мен Түркістан қаласындағы ауысымына 100 адам қабылдайтын Шорнақ ауылдық емханасы, Мақтарал, Ордабасы, Отырар аудандарында 50 адам қабылдайтын 3 дәрігерлік амбулатория мен Шымкент қаласындағы қоқыс қалдықтарын рекультивациялау нысандары болып табылады.
null

«Биылғы жылдың қаңтар-наурыз айларында облыс аумағында құрылыс жұмыстары көлемінің индикаторы 24,3 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 109,3%-ға орындалды. «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында биыл облысымызда 550,6 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалану үшін тапсыру міндеттелген. Барлық қаржыландыру көздері арқылы осы жылы 700 мың шаршы метр болатын 226 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатса, 117 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын аяқтап пайдалануға беру көзделуде»,-деді Салыхан Полатов.
null

Басқарма басшысы сонымен қатар осы жылдың қаңтар-наурыз айларында облыс аумағында бағдарламаның барлық бағыттары бойынша 1758 пәтер яғни, 206,2 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылып, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 100,1% орындалғанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар