ОҚО әкімі: Жолдау жүктеген 10 міндет жұмысымызды жаңа бағытта жандандыруы тиіс

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Мемлекет дамуының 10 бағытын айқындаған Елбасымыздың Жолдауы - алдағы мақсаттарымызды түсіндірудің ең басты құжаты болып табылады.

Бүгін бұл туралы облыс активінде жасаған баяндамасында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті, деп хабарлайды өңір басшысының баспасөз қызметі.

 Жансейіт Түймебаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауда негізгі 10 бағыт бойынша облысымызда атқарылуы тиіс жұмыстарды баяндады.

Қазіргі кезде Қазақстанның агроөнеркәсіп секторы тұрақты даму үстінде. Оңтүстік өңірі аграрлық аймақ болғандықтан, бұл бағытта да жаңа технологиялар енгізу бойынша жұмыстар жүйелі түрде атқарылып отыр. Бүгінгі таңда өңірдегі аграрлық секторды игеру және инновацияларды енгізу ең маңызды мәселелердің біріне айналуда. Осы жайттарға тоқталған облыс әкімі алдағы уақытта интенсивті бақ, тамшылатып суғару, жылыжай көлемін ұлғайту бағыттарында жаңа технологиялар енгізу арқылы өнімділікті артыруға болатынын атап өтті.

«Қазіргі таңда Сауд Аравиясы, БАӘ мен Ирак мемлекеттеріне қой етін экспорттау бойынша алдын ала келісімдер жасалып отыр. Жалпы 2021 жылға ауыл шаруашылығы тауарлары экспортын кем дегенде 3 есеге арттыруымыз қажет. ҚР Ауыл шаруашылығы, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрліктері, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі арасында түзілген үшжақты іс-шаралар жоспарында бекітілген 75 индикаторлық көрсеткіш 158 бірлікке немесе 2,1 есеге орындалды. Биылғы жылы 3 мыңнан кем емес үй шаруашылықтарынан біріктірілген 102 кооператив құратын боламыз», - деді Жансейіт Қансейітұлы.
null 

Бүгінде облысымыздағы 21 мекеме өздерінің азық-түлік өнімдерін тұрақты түрде экспортқа шығарып келеді.

Бұдан бөлек, 457 мың гектар суармалы жерлерді ағын сумен жалпы ұзындығы 14 мың шақырымды құрайтын 2325 канал қамтамасыз етеді. Оның 9 мың шақырымы коммуналдық меншіктегі 1105 каналдың 4,6 мың шақырымы жөндеуді қажет етеді. Үш жыл ішінде жөндеуді қажет ететін су шаруашылығы құрылыстарының 50 пайызы қалпына келтіріледі.

Оңтүстік өңірі үшін Батыс Еуропа - Батыс Қытай транзиттік жолы ерекше маңызға ие. Интеллектуалды көлік жүйесін енгізу мақсатында Шымкент қаласы бойынша «Смарт Сити» жобасы шеңберінде қалаға кіре беріс жеті жерден ауыр салмақты жүк көліктерін қадағалау үшін арнайы таразы мен арка құру жоспарда бар.
null 

Өңірде мемлекеттік қолдаудың арқасында тұрғын үй құрылысының көлемі де жыл сайын артып келеді. 2017 жылдың басынан «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында 721,149 мың шаршы метрді құрайтын жалпы саны 7500-ге жуық пәтер берілген.

Елбасы айтқан Қазақстанның киелі орындарының картасына Оңтүстік Қазақстан облысынан 35 нысан қосылды. «Туған жер» бағдарламасының аясында жалпы құны 31,5 млрд теңгені құрайтын 577 жоба қолға алынған.

Облыс әкімі Ж. Түймебаев оңтүстікқазақстандықтарды Елбасымыздың бастамаларын қолдап, Жолдауында атап көрсетілген мәселелерді іске асыруға белсенді қатысып, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бар күш-қайратты жұмсауға шақырды.

Соңғы жаңалықтар