Өгей шешесінің қолынан мерт болған оқушы оны ана деп атап келген

None
None
ҚАСКЕЛЕҢ. ҚазАқпарат - Алматыда өгей шешесімен оның баларының қолынан мерт болған 11 жастағы Өркен Азаматұлының әжесі отбасылық жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі сот залынан.

Өркеннің әжесі марқұм немересінің өгей шешесін сыйлағанын айтты.

«Өркеннің анасымен ажырасқаннан кейін ұлым Шарипамен танысты. Мен оның ересек балалары бар екенін білгем жоқ. Сөйтсем, ол алдап келген екен. 17 жастағы қызын сіңілім деп таныстырған. Үлкен баласы туралы естігем де жоқ. Барлығы кейін белгілі болды ғой. Ұлым мен келін бақытты болды деп айта алмаймын. Олар жиі ренжіседі. Оның аты Шарипа емес, бірде Аида, бірде Шарипа болады. Өркен оны «мама» дейтін. Ол келген сайын, «мама келді» деп айтатын»,- деді Өркеннің әжесі Бағдагүл Есенбекова.

Сотта Өркеннің әжесі сотталушылар Темір мен Қадыржанның немересін аңдып жүргенін көрген. Бірақ, бұлай болады деп ойламағанын айтты.

«Бұлардың жүрісі маған ұнамап еді»,- дейді ол.

Еске сала кетейік, бүгін Қаскелеңде 11 жастағы Өркен Азаматтың өліміне қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы басталды.

null 

Сотта айыпталушы ретінде марқұм баланың өгей шешесі Шарипа Ақбердиева мен оның Темір, Айдана есімді балалары бар. Сонымен қатар, Темірдің ағайыны кәмелет жасқа толмаған Қадыржан Гулямов, таксист Руслан Муталиев те айыпталушы ретінде сотқа тартылып отыр.

Шарипа Ақбердиева мен Темир Ақбердиев ҚР ҚК-нің 99-бабы, 2-бөлігі, 3,7,14 тармақтары (ұйымдасқан түрде кісі өлтіру) және 132-бап (Кәмелетке толмағанды қылмыстық іске тарту) бойынша айыпталып отыр. Қадыржан Гулямов 99-баптың 2-бөлігі 3,7,14 тармақтары бойынша және 125-баптың 2-бөлігі, 1,5 (ұйымдасқан түрде адам ұрлау) тармақтары бойынша, ал Айдана Ақбердиева мен Руслан Муталиевке аталған қылмыстардың жасалуына көмек көрсеткені үшін 99-баптың 2-бөлігі, 3, 7, 14-тармақтары және ҚР ҚК 125-бабының 2-бөлігі, 1,5 тармақтары бойынша іс қозғалған.

Бұған дейін хабарланғандай, Өркен Азаматұлы Алматыдағы мектептердің бірінен 2017 жылдың 19 қаңтары күні жоғалып кеткен. Немересінің жоғалғаны туралы әжесі полицияға хабарласқан. Осыдан кейін, баланың мүрдесі табылды. Оның өліміне қатысты күдікті ретінде, баланың өгей шешесі мен оның сыбайластары ұсталды. Тергеу амалдарының мәліметіне сүйенсек, қылмыстық істі ұйымдастырып, жасаған Шарипа Ақбердиева күйеуі мен енесінен өш алу үшін осындай қылмысқа барған

Соңғы жаңалықтар