Нығматулин жергілікті өзін-өзі басқару шараларын дер кезінде іске қосу қажеттігін ескертті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Қаржы министрлігін жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріне таңғылықты дайындалуын ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұған дейінгі жүйедегі секілді болмасын (жалпыға ортақ декларациялау). Осында сіздердің әріптестеріңіз 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосуға әзір екенін уәде еткен болатын, ал кейіннен халық наразылығын білдіре бастаған кезде бастарын құмға жасырғандай болды. (...) Тағы да қайталап айтамын, осы мәселеде коммуникациялық жүйе корреспонденциясы және сіздердің қазынашылық ақпарат жүйесі арасындағы байланыс маңызды. Қаржы министрлігі бұл мәселенің маңыздылығын түсінді деген үміттемін»,-деп ескертті Нығматулин.

Өз кезегінде ҚР Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту екі кезеңмен енгізілетінін атап өтті.

Айта кетейік, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Онда 2018 жылдан бастап Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқаруға дербес бюджет енгізу ескерілген.

«Жергілікті өзін-өзі басқару бюджеті аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ деңгейінде 2018 жылдан бастап халық саны 2000 адамнан астам әкімшілік аумақтық бірліктерде, ал 2020 жылдан бастап барлық жерлерде мемлекеттік бюджеттің 4 деңгейі ретінде енгізілетін болады»,-деді ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов.

Соңғы жаңалықтар