Нығматулин ТМД ПАА байқаушылар тобының үйлестірушісімен кездесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин Ресей Федерациясы федералдық жиналысы Федерация кеңесі төрағасының орынбасары, ҚР Парламенті Сенаты депутаттарын сайлау барысын байқауға қатысқан ТМД ПАА байқаушылар тобының үйлестірушісі Ильяс Умахановпен кездесті, деп хабарлайды төменгі палатаның баспасөз қызметі.

ТМД ПАА өкілдеріне өз алғысын жеткізе келіп, Н. Нығматулин біздің еліміздің халықаралық стандарттарға сәйкес ашық, жариялы, әділ сайлау өткізуге айрықша мән беретініне тоқталды.  

Өз кезегінде И. Умаханов: «Елдің жоғары заң органының сайлау науқаны маңызды саяси оқиға. Оның үстіне Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған саяси реформадан кейін Парламенттің өкілеті артуына байланысты бұл саяси науқанның өзектілігі бұрынғыдан арта түсті», - деп атап өтті.  

Тараптар сондай-ақ, Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасына қатысты маңызды сұрақтар бойынша пікір алмасты. Парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуға да баса назар аударды.  

Соңғы жаңалықтар