Нығматулин шахтерлердің наразылығы туралы: Келіссөздер жүріп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин мен Парламент Мәжілісінің депутаттары Қарағанды облысындағы шахтерлердің наразылығына қатысты тілшілердің сауалына жауап берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Мәжілістің жалпы отырысының соңында тілшілердің сауалын тыңдаған Нұрлан Нығматулин аталған мәселе бойынша қазіргі таңда жұмыс берушілер мен кеншілердің кәсіподақтары арасында диалог жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Бұл жерде ешқандай эмоцияға берілудің қажеті жоқ. Сондықтан, белгілі бір нәтижені күтейік», - дейді Нұрлан Нығматулин.

Мәжілісмен Азат Перуашев та осыған ұқсас пікір білдірді.

«Артын күтейік. Келіссөздердің соңы не боларын байқаймыз. Жалпы айтарым, кен туралы заң талқыланған кезде біз қазақстандық құрамды арттыру керектігін айтқан болатынбыз. Соның ішінде жұмысшылардың жалақысы да қамтылған», - дейді ол.

Ал «Халық коммунистері» фракциясы атынан сөз сөйлеген Владислав Косарев жуық арада аталған мәселеге қатысты депутаттық сауал жолдағалы жатқанын жеткізді.

«Барлық шахтерлер өз құқықтарын қорғап отыр. Шетелдік компания шахталарындағы жұмысшылар үшін жауапкершілікті сезінуі қажет», - дейді Владислав Косарев.

Соңғы жаңалықтар