Нұрсұлтан Назарбаев терминдерге қатысты пікір білдірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, «100 жаңа оқулық» жобасы арқылы Қазақстанда жаңа аударма мәдениеті қалыптасады. Алғашқы 18 кітаптың шығуымен ғылыми қазақ тілін дамытудың бірегей қадамы жасалды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл жолы әмбебап ғылыми терминдерді өзгертпей алу туралы шешім қабылданды. Әйтпесе, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары шетел тіліндегі сөздерден, әсіресе, орыс тіліндегі сөздерден ажырайық деп, неше түрлі аударма жасадық қой. Кейбіреулерін айтуға да ұят. Кейбір сөздер дәл келді, кейбірін әйтеуір келсе болды деп, ала салған», - деді Н.Назарбаев «100 жаңа оқулықтың» алғашқы сериясын таныстыру кезінде.

Осы орайда Президент «процент» деген сөздің аудармасымен келіспейтінін тағы да жеткізді. Н.Назарбаевтың ойынша, аталған сөзді сол күйінде қолданған дұрыс. Мемлекет басшысы марқұм Еркеғали Раxмадиевтің «композитор»-ды «сазгер» деп алғанына қарсылық білдіргенін де еске алды.

«Композитор да, пианино да дүниежүзілік сөз емес пе? Оны «күйсандық» деп аударғаннан не табамыз. «Сандық» деген қазақ үшін мүлдем басқа құрал. Жалпы, сөзді байыту үшін барлығын аударып алайық деген болмауы керек. Мысалы, «балмұздақ» деген өте керемет сөз. Сондай болуы қажет. Сондықтан ғылыми терминдерді аударамыз деп, мықшындайтын болсақ, онда бәрін құртып аламыз. Ал дүниежүзінде қолданылатын терминдер қазақ тіліне енсе, онда тілімізді байытады, санын көбейтеді. Ғылыми мәтіннің мағынасы бұрмаланбай, барынша түсінікті болуы қажет», - дейді Н.Назарбаев.
null 

Президенттің айтуынша, «100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылатын барлық кітаптар xалыққа колжетімді болады. Себебі бәрі үш форматта,  кәдімгідей кітап түрінде, сосын онлайн үлгісінде шығарылады. Сондай-ақ, үздік лекторлардың ашық дәрістер видеотекасында сақталады. «Латын әліпбиімен интернетке шыққанда оны барлық елдердегі қазақ жастары оқи алады», - деп атап өтті Н.Назарбаев.

Айта кетейік, бүгін «100 жаңа оқулық» жобасы аясында алғашқы 18 кітап Президентке таныстырылды.  Сол кезде Мемлекет басшысы діни білімнің маңыздылығына да ерекше тоқталды.  Сондай-ақ, жемқорлықтың қайдан басталатынын да айтты. 
null  

Соңғы жаңалықтар