Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпиннің 5 жылдағы жұмысына баға берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - CCTV телеарнасына сұхбат берген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің 5 жылдағы жұмысына баға берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Төраға Си Цзиньпинмен өте жақын таныспын. Біз жыл сайын кездесіп, пікір алмасып отырамыз. Екі елге де тыныш өмір сүруге мүмкіндік беретін осындай  сенімнің, қарым-қатынастың болғандығын мақтан етемін. Қытай үлкен мемлекет, ал Қытай Компартиясының 19 съезі  бұл Қытай елінің ішіндегі ғана емес, бүкіл әлемдік маңызға ие оқиға болды. Си Цзиньпиннің төрағалығымен тек 5 жылдың ішінде ғана экономика 53 триллионнан 80 триллионға дейін өсті. 19 съезде алға қойылған ұлтты дамытудағы қытай арманына қол жеткізу мақсатының  барлық мемлекеттер үшін маңызы бар», - деді Елбасы сұхбат барысында.

Осы ретте Мемлекет басшысы  Қытай Халық Республикасының көршісі, жақын дос ретінде Қазақстан бұл жоспарлардың барлығының  жүзеге асырылғанын қалайтындығын атап өтті.

«Мен олардың жүзеге асырылатындығына сенімдімін де.  Қытай ерекшелігіндегі социализм біздің шығыстық ділімізді, идеяларымызды, халқымыздың ойын көрсетеді және ол сіздердің елдеріңізде  өте байыпты ілгерілетілген. Бұған қоса, Қытайдың ғылыми-техникалық прогрестегі жетістіктерін, әлемдегі ең үлкен телескоп, ең үлкен аэродинамикалық құбыр іске қосқанын, қорғаныс кешенінде де зор жетістігі бар екендігін айта аламын. Мұның барлығы да Қытайды әлемдік саясаттағы ірі ойыншы, ұлы державаға айналдырады. Сондықтан бұл мәселеде, ғылыми-техникалық прогрес мәселесінде де біз ынтымақтастықты белсенді жүргізудеміз. Қытай Қазақстанға көмектесіп, техникалық прогресс үшін маңызды нысандарды салуда», - деді Қазақстан Президенті.

Соңғы жаңалықтар