Нұрсұлтан Назарбаев РФ Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастыққа қатысты, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, соның ішінде Сириядағы ахуалды талқылады.

Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болды.

Соңғы жаңалықтар