Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азия мен АҚШ ынтымақтастығының жаңа форматы жайында айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-қа ресми сапарының қорытындысына орай қазақстандық және шетелдік БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп, Орталық Азия мен АҚШ ынтымақтастығының жаңа форматы жайында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің Орталық Азиядағы көршілерімізбен ынтымақтастығымыздың келешегі зор. Біз наурыз айында кездесіп,  жылдан-жылға рет-ретімен шешіп отыру қажетті шекара, су ресурстары және басқа да ортақ мәселелерді талқылауға келістік. Ол үшін өңір елдерінің ортақ келісімі қажет. Әрине, өңірдегі барлығымызға да америкалық қаржы мен технология тиімді болады. Сондықтан да С5+1 идеясына қолдау көрсеттім. Бірінші тоқсанда соның аясында Сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтеді», - деді Қазақстан Президенті БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі ретінде Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымының арта түсуін атады.

«Біздің елдеріміз арасындағы тауар айналымы 2 млрд долларға дейін артты. Президент Ш.Мирзиеевпен шекараны ашуға және өзара іс-қимылға қолайлы жағдай жасауға уағдаласқан едік», - деді Қазақстан Президенті.

Соңғы жаңалықтар