Нұрсұлтан Назарбаев: Мен күні-түні білімімді шыңдап келемін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Президент болу үшін білімді үнемі шыңдау керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі заманғы әлемде бір кездері алған біліміне ұстанып тұрғандар емес, үнемі тоқтаусыз білімін жетілдіретіндер ұтады. Маған университетте қалай президент болу керектігін ешкім үйреткен жоқ. Заман талабына төтеп беру үшін күні-түні біліміңді шыңдау керек. Естеріңізде сақтаңыздар, өзгерістерге дайын адамдар ғана ұтады. Яғни зерттеушілердің, инвесторлардың тілін түсінетіндер ғана жетістіктікке жететіні анық»,-деді Мемлекет басшысы Назарбаев Университеті түлектерін құттықтау барысында.

Осы орайда Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында жастарға негізделген барлық басымдықтар қамтылғанын еске салып өтті.

Айта кетейік, Елбасы биыл Назарбаев Университетін тәмамдаған түлектерді құттықтап, докторантура бағдарламасының алғашқы тоғыз түлегіне дипломдарын табыстады.

Соңғы жаңалықтар