Нұрсұлтан Назарбаев қоғамдық сананы жаңғыртуды қарапайым тілмен түсіндірді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат -  Бүгін Жамбыл облысының жұртшылығымен кездесу барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қоғамдық сананы жаңғыртуды қарапайым тілмен түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Президенті тарихы бай, тағылымы терең Тараз жері Ұлы Жібек жолының бойында орналасқанын атап өтті.

«Әдейі Таразды көркейтейік, еске түсірейік, көне қазбаларын шығарайық деп 2 мың жылдығын өткізіп, көп шаруа  жасадық. Қазыналы Қаратаудың бойында тұрақтылық пен татулықтың бесігінде күн кешіп жатқан халық бар. Еліміздің әр өңірін қарайтын болсақ, бәрі де көп ұлтты, бәрі де көпэтносты, барлығы да тату-тәтті өмір сүріп жатыр», - деді Елбасы.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы қоғамдық сананы жаңарту мәселесіне тоқталып, оны қарапайым тілмен түсіндіріп берді.

«Менің қатарларым, орта буын Кеңес одағының тәрбиесінде болдық. Ол бір идеология, басқа сана. Кеңес одағы күйрегеннен кейін біз экономиканы түзеу үшін жекешелендіру мәселесін көтеріп, инвестиция тартып, көп шаруа жасадық. Ол бір белес болатын. Одан аман-есен шыққаннан соң 2030 жылға дейін бағдарлама жасап, оны орындадық. Ол екінші белес еді. Енді үшінші белес деп Жолдауымда айтқаным, қазіргі басталып отырған  өте жаңа ғаламдық мәселе. Техника мен технологияның  сонша тез алға қарай басуы, шапқан аттай, атқан оқтай зымырап бара жатқан мына дүние.  Артта қалмауымыз керек. Ол үшін рухани сананы жаңғырту қажет. Мына өмірге басқаша қарау керек», - деді жұртшылықпен кездесуді түйіндеген Қазақстан Президенті.

Фото: Бауржан Жуанбаев

Соңғы жаңалықтар