Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар банктерге ескерту жасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев екінші деңгейлі банктерді қаржыландыру бағдарламасының жабылғаны туралы мәлімдеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылы Ұлттық банктің есебінен банктерді сауықтыру бағдарламасы атқарылды. Болды. Осымен аталған бағдарлама жабылды. Енді, мемлекеттік қолдау шараларына атсалыспаған банктер Ұлттық банктен көмек сұраса да, ешқандай қамқорлық жасалмайды», - деді Елбасы Ұлттық банк қызметінің қорытындылары жөнінде кеңесте. 

Президенттің айтуынша, бүгінде Эксимбанк, Астана банкі, Qazaq банкі сияқты қаржы ұйымдарының көрсеткіштері дұрыс емес. Себебі акционерлер ол банктерді тиімді басқара алмады.

«Олар біраз ақшаға қарыздар болып қалды. Ондай банктер қалай жұмыс істейді? Енді, тағы бәрін мемлекетке артып қоямыз ба? Акционерлер өз банктерін сақтап қаламыз десе, алып шыққан ақшаларын қайтарсын, өз капиталдарын да салсын. Ол банктерге квазимемлекеттік компаниялар да, xалық та біраз ақша құйды. Соны қайтарсын. Содан кейін жұмыс істесін. Онсыз ешқандай қолдау жасалмайды. Ал басқа банктер мемлекеттен алған ақшасын біртіндеп қайтарады», - деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар