Нұрсұлтан Назарбаев Астана процесіне баға берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев Сирия мәселелері жөніндегі келіссөздердің неге Қазақстанда өтетініне түсінік берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Астана клубының үшінші отырысында Австрияның сыртқы істер министрі Бенита Ферреро-Вальднер Қазақстанның Сирия жөніндегі келіссөздердің бейтарап қатысушысы ретіндегі позициясы туралы сұрақ қойды.

«Қазір әлемді толғандыратын маңызды мәселелердің бірі - терроризм. Үш мәселе бар - терроризм, ядролық қарусыздану және Солтүстік Корея мәселесі. Үш мәселені де әлемнің барлық елдерінің бірігуінсіз, әсіресе АҚШ, Ресей және Қытай сынды ұлы державалардың қатысуынсыз шешу мүмкін емес. Мәселен, барлық елдер бірікпей, Солтүстік Корея мәселесі оң шешімін таппайды. Алайда, үш держава арасында экономикалық және саяси мәселелер бойынша келіспеушіліктер бар. Сіздер мұны жақсы білесіздер. Сол себепті, бұл мәселе бізді де алаңдатады, Сирия - біздің аймақ, бізге алыс емес», - деді сұраққа жауап берген Мемлекет басшысы.

Елбасы жастардың Сирияда соғысуға ынта танытып жататындығын атап өтті.

«Біз әлемдік қауіпті жағдайда өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан да мен бұл мәселеге үнемі назар аударып тұрамын. Бұл елдерде болдым, көшбасшыларын да білемін және  біз оларға, олар бізге үнемі достық байланыстың үлгісін көрсетіп келе жатыр. Ресей, Түркия, Иран елдерінің басшылары келіссөздер өткізу үшін қолайлы алаң деп бізге ұсыныс жасағанда мен бірден келістім», - деді ол.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті келіссөздер барысы жайлы айтты.

«Келіссөздер 7 кезеңде өтті, мұнда ол жақта соғысатын жасақтардың командирлері болды, жалпы құрам өте күрделі, пікірлер де әралуан болғандықтан келіссөздер өте ауыр өтті. Біз бұл әрекеттер арқылы жоғары жетістіктерге жетеміз деп болжам айтуға келмейді, алайда істе оң ілгерлеушіліктер байқалады. Сол себепті біз әлем үшін, ДАИШ -мен күрес жолында игілікті істер атқарып жатырмыз деп ойлаймын. АҚШ бастаған коалиция, Ресей, Түркия және Иранның біріккен жұмысы өз нәтижесін беруде. Алайда, әрі қарай не болатынын ойлау керек. Ол әр жерде белең алуы мүмкін. Бірігу керек», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, 2017 жылдың 13 қарашасы күні Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Астана клубының үшінші отырысы өтті. Astana club - 27 елдің 60-тан астам қатысушысының басын біріктірген халықаралық пікірталас алаңы. Олар көрнекті саяси қайраткерлер, дипломаттар, белгілі саясаттанушылар, беделді ғалымдар мен АҚШ, Ресей, Қытай, Үндістан, Еуропа елдерінің, Таяу Шығыс, Орталық және Оңтүстік шығыс Азия елдеріндегі жетекші сарапшылар. 

Соңғы жаңалықтар