Нұрсұлтан Назарбаев Ақтаудағы спорт кешенінде болды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін, 3 сәуір күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтаудағы 33 шағын ауданда жуырда ғана салынған «Маңғыстау Арена» көпбейінді спорт кешенінде болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысына спорт кешенін көру кезінде Маңғыстау облысында жергілікті халықтың 25 пайызы, нақтырақ айтқанда, 158 мың 250 адам спортпен шұғылданатыны айтылды. 12 мың бала балалар мен жасөспірімдерге арналған 18 спорт мектебінде спортпен тегін шұғылданады. 569 спорттық құрылғылардың 260-ы ауылдық аймақтарда орналасқан. 2016 жылы 14 спорт нысаны пайдалануға берілген. Биылғы жылы «Маңғыстау-Арена» спорт сарайы мен Ақтаудағы «Батыр» спорт кешені салынып бітті. Алдағы уақытта облыста тағы 5 спорт нысанын салу жоспарда бар. Мемлекет басшысы сапары барысында Маңғыстау облысының спортшыларымен және жастармен жүздесті.

«Мен сіздерге сәттілік, жемісті нәтижелер мен жеңіс тілеймін»,-деді Президент.

null  

Айта кету керек, «Маңғыстау Арена» спорт сарайында 5 зал бар. Олардың арасындағы ең үлкені 14 мың шаршы метр аумақты алып жатыр және ол жеңіл атлетикаға арналған. Сарайда сонымен қатар, жүгіру жолы мен граната лақтыруға арналған орын бар. Сондай-ақ мұнда түрлі деңгейдегі чемпионаттарды өткізуге арналған үлкен зал бар. Мұнда тіпті халықаралық спорттық шараларды да ұйымдастыруға болады, көрермендер залына 540 адам сыяды. Бұл зал ойын спорты түрлеріне арналған (шағын футбол, баскетбол, волейбол, үлкен теннис). Бұл жерде екі алаң құрастырып, екеуіне де бір мезгілде жарыс өткізіп, болмаса жаттығу жасай беруге болады. Сарайда аталғандармен қоса, жекпе-жек спорты түрлеріне арналған орташа зал бар (каратэ, грек-рим күресі, бокс, еркін күрес, таэквондо, дзюдо, қазақша күрес). Оның көлемі 36-24 метр. Сондай-ақ нысанда тренажерлер залы мен ауыр атлетикаға арналған зал қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар