Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-та БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-та Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Әңгімелесу алдында Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымының Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалығымен байланысты өзекті мәселелерді талқылады.

Соңғы жаңалықтар