«Нұрлы жол»: Ақтөбеде газ тарату станциясының қуаты үш есеге артты

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы, Алға ауданында газ тарату станциясының қуаты үш есеге артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе агломирациясын дамыту үшін газ тарату бекеттерінің қуаттылығын арттыру жұмыстары жүріп жатыр. Ақтөбе облысының әкімдігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «ҚазТрансГаз» АҚ арасындағы үшжақты меморандум аясында автоматты газ тарату станциясының қуаттылығы үш есе артты. Бұл Алға ауданын түгел газбен қамтуға және газ таратуға арналған жоба. Табиғи газ Жаңажол газ өңдеу зауыты мен «Бозой» газ құрғату станциясына жеткізіледі.
null 

«Алға газ тарату станциясының қуаттылығы сағатына 30 мың текше метр. Бұл тұтынушыларды үздіксіз қамтамасыз етуге арналған жоба. Алдағы уақытта Алға ауданында индустриялды аймақ салынып, өндіріске қажетті газды біз жеткізіп береміз. Құрылыс өткен жылы басталған болатын. Биыл іске қосылып, екі магистральді құбырдан газ жетіп жатыр»,- деді «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Ақтөбе облыстық филиал директоры Бахтияр Ізбасаров.

2015-2020 жылдарға арналған жоба бойынша үш газ тарту станциясы жаңартылып, 6 мыңға жуық тұрғын үйге газ құбыры тартылды. Барлығы 616 мың шақырымнан астам құбыр жүргізіліп, ауыл тұрғындары ғана емес, ірі өндіріс орындарына арзан әрі сапалы көгілдір отын жеткізілген.

«Елбасы елді мекендерді газбен қамтамасыз ету жұмыстарын жандандырып, арттыруды тапсырды. 2015 жылы әкімдік пен газ таратушылар келісімге қол қойып, меморандум негізінде компания 20 миллиардқа жуық қаржы бөлді. Барлығы 10 елді мекенге газ кіргізіп, үш тарату станциясы салынды. Өткен жылы Ақтөбе облысындағы аудан орталықтарына түгел газ барды. Бұрын халықтың 60 пайызы газ тұтынса, қазір 87 пайызға жетті. Республикадағы ең жоғары көрсеткішке қол жеткізіп отырмыз. Жұмыс әрі қарай жалғасады»,- деді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.
null 

Өңір басшысы ауданға сапары кезінде жұмысшылармен әңгімелесіп, олардың жалақысын сұрады. Кейін басшыларға жұмысшыларды ынталандырып, мерекеге орай сыйақы беруді тапсырды.

null null 

Соңғы жаңалықтар