Нұрлан Ноғаев полицейлерге 50-ге жуық көліктің кілттерін табыстады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қоғамдағы тәртіп пен тыныштықты қамтамасыз етіп отырған полицейлерді ҚР ішкі істер органдарының құрылғанына 25 жыл толуымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мерекеге орай ұйымдастырылған шараға ішкі істер органы қызметкерлері мен сала ардагерлері қатысты.

 " Елбасының сарабдал саясатының нәтижесінде еліміз әлемдік қауымдастықта өзінің айшықты орнын алып отыр. 25 жыл ішінде Қазақстанға, өңірге ғана емес, бүкіл әлемге ықпал ететін шешімдер қабылданды. Полиция қызметкерлері де тәуелсіздіктің жемісін, жеңісін қорғап, Елбасы - ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қазақстандықтардың тыныштығын сақтау, қауіпсіздікті, тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын абыройлы атқарып келе жатыр", - деді Нұрлан Ноғаев.

Шара кезінде қызметте жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген полиция қызметкерлері марапатталды.

Жұбайдолла Дауешовке - полиция полковнигі, Андрей Карабасовқа - полиция полковнигі, сондай-ақ Ринат Икласов пен Рауан Қасымжановтарға полиция подполковнигі шендері берілді.

Жиыннан соң Атырау облысы ішкі істер департаменті Балық қорларына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес жөніндегі полиция бөлімінің жаңа ғимаратының салтанатты ашылуы өтті. Мұнда Арнайы даярлық басқармасы да көшірілген.

 Жаңа ғимаратты облыс әкімі Нұрлан Ноғаев аралап шықты. Мұнда полиция қызметкерлерінің оқу жаттығуы үшін де бар жағдай жасалған.

Шара аясында жергілікті полиция қызметіне 50-ге жуық автокөліктің кілттері табыс етілді.

 

 

Соңғы жаңалықтар