Норвегияның тәуелсіз қоры 1 трлн долларға дейін өсті

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Норвегия тәуелсіз қорының көлемі әлемдік қор нарығының өсуі мен доллардың әлсіреуіне байланысты алғаш рет 1 трлн долларға жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі. 

«Қордың күндердің күнінде 1 трлн долларға жететінін біреу күтті деп ойламаймын. Себебі, мұнайдан 1996 жылдың мамырында алғаш рет табыс түскен еді», - деді қордың атқарушы директоры Ингве Слингстад сейсенбі күні.

Бұл сома Норвегияда тұратын 5,3 млн адамның әрқайсысына 192 мың долларды құрайды. Сондай-ақ, елдің үкіметі қор көлемінің 2025 жылға дейін 10,5 трлн кронға (1,3 трлн доллар) жететін күтуде.

Айта кетейік, қор болашақ ұрпаққа мұнай мен газдан түсетін табысты басқару үшін 1996 жылы құрылған. Оның активтері 2002 жылдан бері 13 есеге өскен. 2016 жылдың соңында қор активтерінің жартысына жуығы салынған инвестицияның табыстылығын көрсетті.

Соңғы жаңалықтар