Норвегиялық компания ірі мұнай кен орнын ашты

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Норвегиялық Statoil мұнай-газ компаниясы Шотландия жағалауларынан алынатын қоры кем дегенде 25 млн баррельге жететін мұнайдың кен орнын тапты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Жаңа кен орны Солтүстік теңізіндегі Мори-Ферт шығанағының сыртқы шекараларынан табылды. 

«Алдын ала көрсеткіштер бойынша кен орнының қоры  25-тен 130 млн  баррельге дейін түрленуі мүмкін», - деді норвегиялық компания.

Statoil компаниясының Норвегия және Ұлыбритания бойынша геологиялық барлау жұмыстары жөніндегі аға вице-президенті Джез Эвертидің  айтуынша, компания «мұнайлы құмда мұнайдың жақсы көрсеткіштегі жоғары сапалы резервуар көрсеткіштері бар екенін бекітті».

Бұл жобаның  70%-ы Statoil-ге тиесілі. Компанияның басқа екі серіктестері - Jersey Oil and Gas және CIECO V&C - сәйкесінше 18% және 12% үлеске ие. 

Соңғы жаңалықтар