Ноғаев Каспийден заңсыз ауланған балықтың қайда сатылатынын айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Каспий теңізінен заңсыз ауланған балықтар Ресей субъектілеріне сатылуда. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Мемлекеттік органдардың қабылдаған шараларының нәтижесінде бүгінде браконьерлер қалаға кірмейді. Олардың өздерінің заңсыз тапқан өнімдерін Каспий теңізінің аумақтық суларында Ресей Федерациясының субъектілеріне не басқа облыстарға жеткізіп жүр», - деді ол.

Оның айтуынша, Атырау облысының әкімдігі республиканың басқа облысындағы органдармен бірлесіп, базарларда сатылатын бекіре тұқымдас балықтардың саудалануына қатаң қадағалау жүргізу қажет деп есептейді. 

Браконьерлікті тыюға қатысты көптеген әңгімелер болып жүр. Балық аулаумен айналысатын елді мекендердің тұрғындары «біздің басқа күн көретін жағдайымыз жоқ» дегенді айтып отыр. Бұл ретте біз өз тарабымыздан Жанбай селосы, Зенедин ауылында, Каспий теңізінен балық аулайтын ауылдарда жылдың басынан бері 7 жәрмеңке өткіздік. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы мен басқа да бағдарламалардың аясында сол елді мекендердің жұмыссыз тұрғындарын жұмысқа тарту шараларын қабылдадық. Қорытындысында 364 адамның 119-ы тұрақты жұмысқа орналасты. Айта кету керек, браконьерлікпен айналысатын азаматтардың мамандығы жоқ. Біз оларға бірінші мамандық беру мәселесімен айналысып жатырмыз», - деді Нұрлан Ноғаев.

Соңғы жаңалықтар