03:15, 22 Қараша 2017 | GMT +6
Нигерияда 30 бақташыны өлтіріп кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нигерияның солтүстік шығысында белгісіз адамдар 30 бақташыны өлтіріп кетті, деп хабарлайды Reuters.
Оқиға Адамава штатында болған. Бақташыларды кім және не үшін өлтіргені белгісіз.
Қазіргі кезде жергілікті полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.