Нидерланд аумағына құлаған метеориттің жасы анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдар Нидерландтағы Брук елді мекені аумағына құлаған метеориттің жасын анықтады.

Dutch News порталының мәліметінше, сарай төбесіне құлаған аспан денесі қазір Лейден қаласындағы жаратылыстану ғылымдары музейінде тұр.

Мамандар Нидерланд аумағына  құлаған метеоритке шамамен төрт жарым миллиард жыл толды деп отыр. Тас сарайға 2016 жылдың басында құлаған, алайда оның жаратылысы мен жасын ғалымдар енді ғана анықтады.

Шатырына метеорит құлаған үйдің иелері оны бірден Лейден қаласындағы жаратылыстану ғылымдары музейіне тапсырған болатын. Еуропалық БАҚ мәліметінше, салмағы шамамен 500 грамм болатын тастың құны мың еуроға бағаланып отыр. 

Соңғы жаңалықтар