Неміс футболшысы 10 метр жерден өкшесімен гол соқты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бремендік «Вердердің» жартылай қорғаушысы Фин Бартельс неміс бундеслигасы турының 26-матчында «Фрайбургке» өкшесімен гол соқты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Eurosport-қа сілтеме жасап.

Матч 1 сәуір күні Фрайбургте өтті. Бартельс 71-минутта ерекшеленді. Ол командаласының сәтсіз соққан добын өкшесімен теуіп, қақпаға бағыттап жіберді.

Кездесу бремендіктердің пайдасына 5:2 есебімен аяқталды.

Соңғы жаңалықтар