Назарбаев зияткерлік мектебінің тағы 10 оқушысы ауруханаға түсті - Алматы облысы

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Соңғы екі күнде Талдықорғанның инфекциялық ауруханасына түскен  Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылар саны 18-ге жетті,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бәрінің де дене қызуы көтеріліп, жүректері айнып, іштері өткен.

Дәрігерлердің айтуынша, балалардың неден ұшынғаны сараптама нәтижелері дайын болғанда белгілі болады. Оған дейін оқушылар  ауруханада барлық емдік шараларын қабылдай бермек. Ем алып жатқан  балалардың сөзінше, олар мектептегі асханадан тамақтанғаннан кейін өздерін жайсыз сезіне бастаған.

«Жағдайлары орташа ауыр. Ем алып жатыр. Сараптама нәтижелері дүйсенбі, сейсенбі шығады. Сол кезде нақты диагноз қоятын боламыз. Ал қазір ішек инфекциясы немесе вирусты инфекцияның белгілері байқалуда»,- дейді дәрігер Надежда Староселедская.

Естеріңізге сала кетейік , бұған дейін мәлімдегеніміздей, аталған жағдайды  дәрігерлер облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің мамандарына шұғыл хабарлаған. Енді олар мән-жайды тексеріп, анықтайтын болады.  Ал Назарбаев зияткерлік мектебінің әкімшілігі сараптама нәтижесі шықпай, әзірге сұхбат бере алмаймыз деп отыр.   

 

Соңғы жаңалықтар