Назарбаев Университетінің түлектері жаңғырту жолында аянбай қызмет етеді - Елбасы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы биыл Назарбаев Университетін тәмамдаған түлектерді құттықтап, докторантура бағдарламасының алғашқы тоғыз түлегіне дипломдарын табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін сіздер мен біздер үшін өте ерекше күн. Университет түлектерінің үшінші тобын үлкен өмірге аттандырғалы тұрмыз. Халықаралық ЭКСПО көрмесінің ашылуы қарсаңында осы шара өткізіліп отыр. Әлемдік деңгейдегі оқу орнында білім алу әрбір адам үшін асқақ абырой, мерейлі мәртебе деп санау керек. Баршаңызды диплом тапсыру рәсіміне орай шын жүрегіммен құттықтап, үлкен табыс пен бақыт тілеймін»,-деді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев салтанатты шара барысында.
null 

Биыл оқу бітірген студенттер саны 737 адам,оның ішінде бакалавриат бағдарламасы бойынша 499 түлек, магистратура бағдарламасы бойынша 229 студент және PhD дәрежесіне ие болған докторантура бағдарламасының ең алғашқы 9 түлегі бар. Ерекше үлгідегі дипломға 75 түлек ие болды.

Президент бұл Университет Тәуелсіздік жылдарында қабылданған аса маңызды жобаның бірі болып саналатын, ол білім беру жүйесінде ғылымға негізделгенін атап өтті.

«Өкінішке қарай бұндай оқу орны Қазақстанда бұрын болған жоқ. Ашылғанына бар болғаны жеті жыл ғана толған оқу орны елімізде және әлемдегі аса беделді білім ошақтарының біріні айналып үлгерді. Осы орайда әлем елдерінің іргелі оқу орындарының таңдаулы мамандарын шақырдық. Дүниежүзіне Астананың білім мен ғылымның орталығы екенін көрсетіп жатырмыз. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы атты» Жолдауымды жүзеге асыруда университеттің атқаратын рөлі өте зор болмақ. Оқу орнының түлектері жаңғырту жолына түскен Тәуелсіз Қазақстанға аянбай қызмет істейді деп сенемін, сондықтан сол үшін осы Университетті салып, сіздерді оқыттық»,-деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар