Назарбаев Университетін докторантура бағдарламасының алғашқы тоғыз түлегі тәмамдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл алғаш рет Назарбаев Университетін докторантура бағдарламасының тоғыз түлегі тәмамдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін аталған оқу орнын бітірген түлектерге диплом табыстау рәсімі өтіп жатыр. Сонымен қатар биылғы оқу бітірушілерді арнайы құттықтау үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев келеді деп күтілуде. Салтанатты оқу бітіру рәсіміне студенттер, олардың ата-аналары, сондай-ақ оқытушы-профессорлар құрамы, ірі ұлттық компаниялардың басшылары және басқа да қонақтар қатысуда.
null 

Атап айтқанда, Қазақстан Президентінің бастамасымен 2010 жылы құрылған Назарбаев Университеті отандық білім берудің көшбасшысы болып табылады. Биыл оқу бітірген студенттер саны 737 адам,оның ішінде бакалавриат бағдарламасы бойынша 499 түлек, магистратура бағдарламасы бойынша 229 студент және PhD дәрежесіне ие болған докторантура бағдарламасының ең алғашқы 9 түлегі бар. Ерекше үлгідегі дипломға75 түлек ие болды.

«Назарбаев Университетінің докторантура бағдарламасының ең алғашқы 9 түлегі туралы айтсақ, бұл Университеттің алдында тұрған ең негізгі міндеттердің бірі - Қазақстанның жоғары білім беру жүйесі мен ғылым саласында реформаларды жүргізуге көмек көрсетуді білдіреді. Осы салада Назарбаев Университеті флагман болып табылады және алғашқы тоғыз докторантымыздың барлығы өзіміздің Жоғары білім беру мектебінің түлектері болғанын біз мақтан тұтамыз. Олар бірінші кезекте ғылыми-зерттеу қызметімен айналысты, ал дайындық барысында қазақстандық білім беру жүйесінде қазіргі уақытта өзекті болып табылатын пәндерді зерттеді»,-дейді оқу орнының өкілдері.
null 

Осы тұрғыда докторанттар таңдап алған дипломдық жұмыстардың тақырыптары өте қызықты. Мысалы, студенттерді оқыту кезінде үш тілді - қазақ, орыс және ағылшын тілін тиімді пайдалануды зерделеуге арналған еңбектер бар. Университеттердің алғашқы курстарында оқыту әдістемесіне, университеттегі оқу процесін тиімді етуге мүмкіндік беретін жетілдіру әдістеріне арналған еңбектер де бар. Өзгелері оқу бітірген соң еңбек нарығына шығу сияқты аспектілерді зерттеді. Олар біріншіден Университет түлегі қандай кәсіби дағдыларға ие болуы тиіс, ал екінші жақтан, еңбек нарығында қандай мамандарға сұраныс бар екенін зерделеді.

«Болашақта докторанттарымыздың зерттеулері Қазақстанның білім беру жүйесі мен ғылым саласын жетілдіруге мүмкіндік беретін реформалардың негізін құрайтын болады деп үміттенеміз»,-дейді оқытушылар.
null 

Соңғы жаңалықтар