Назарбаев табиғат апатына байланысты Қырғызстан Президентіне көңіл айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевқа көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті Ош облысында лай көшкіні салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

Мемлекет басшысы барша Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан қаза болғандар отбасыларының қайғысына ортақтаса отырып, көңіл айтты.

Еске сала кетсек, Қырғызстан ТЖМ-ның хабарлауынша , 29 сәуір күні шамамен сағат 07:20-да Өзген ауданы Зергер ауылдық округінің Аю ауылы маңында жалпы көлемі шамамен 1 млн текше метр болатын лай көшкіні жүрді. Лай көшкіні бастапқы дерек бойынша 6 үйді басып қалды. Оқиға орнына 33 адамнан құралған құтқару тобы және азаматтық қорғау бойынша комиссия мүшелері жұмыс істеуде.  

Соңғы жаңалықтар