Назарбаев Петербургтегі теракт туралы: Терроризмде шекара жоқ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Мир» телеарнасына берген эксклюзивті сұхбатында Қазақстан Президенті Петербург метросында болған жарылыс туралы айтты.

«Санкт-Петербургте болған оқиғалар қазақстандықтардың алаңдаушылығын тудырды. Мен ресейліктердің қайғысын бөлісетінімді айтып, осындай ел басына күн туған қиын-қыстау күнде олармен бірге екеніміздің жеткіздім. Бұл терроризм әрекетінің шекара дегенді білмейтіндігін көрсетеді. Ол кез келген уақытта, кез келген жерде болуы мүмкін»,-деді Назарбаев.

Айта кетейік, 3 сәуір күні метрода болған теракт кезінде 14 адам мерт болды. Соның ішінде алдын ала болжанып отырған жанкешті де бар. 50-ден астам адам зардап шекті.

Соңғы жаңалықтар