Назарбаев Қызылордадағы шыны өндіретін зауыттың құрылысымен танысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев Қызылорда қаласында жалпақ шыны өндіретін және өңдейтін зауыттың құрылысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы арқылы салынып жатқан зауыттың құрылысын көрді.
Сондай-ақ, Елбасы облыста іске асырылып жатқан инновациялық жобалар көрмесіне барды.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев зауыт жұмысшыларымен, жергілікті тауар өндірушілермен және өңірде жұмыс істеп жатқан шетелдік компаниялардың өкілдерімен кездесті.
- Елімізде инвесторларды тарту үшін қолайлы жағдай жасалды. Бұл жұмысты жалғастыратын боламыз, - деді Қазақстан Президенті.
Айта кетерлігі, зауыттың өндірістік қуаты жылына 197 мың тонна жалпақ шыны өндіруге жетеді. Бұл өнім ішкі нарыққа, сондай-ақ Ресей, Өзбекстан және Түркияға жеткізілетін болады. Зауыт 2018 жылы іске қосылады деп жоспарланған.

null 

Соңғы жаңалықтар