Назарбаев: Қазақстанның келесі межесі футболдан ӘЧ өткізу болуы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Айсұлтан Назарбаев өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында Қазақстанда футболдан 2030 жылғы әлем чемпионатын өткізу арманы туралы жазды.

Айсұлтан Назарбаев желідегі жазбасын келер жылы елімізде өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесі жайында бастаған. 10 маусымнан 10 қыркүйекке дейін Астанаға миллиондаған адам - мамандар мен туристер келеді. ЭКСПО - бұл мемлекет пен оның халқы үшін сөзсіз табыс әкелетін айтқысыз жоба», - дейді ол.

«Меніңше, мемлекет әлемдік трендттермен үндесе дамуы үшін мұндай ауқымды жобалар қажет. Және мұндай мақсаттарға жету Қазақстанның қолынан келеді: 2010 жылғы ЕҚЫҰ саммиті және ЭКСПО-2017 - соның айқын дәлелі. Аталмыш жобалардың барлығында Президенттің қолтаңбасы бар. Мен оның мінезін жақсы білемін. Ол ерекше стратег, ештеңені босқа істемейді. Ол санап, алдын ала есептей алады. Нәтижесінде мемлекет қажетті назарға және сыртқы капиталға оңай қол жеткізеді», - деп жазды А.Назарбаев.

Одан әрі ол, Қазақстанның келесі макро-мақсаты футболдан әлем чемпионатының өткізілуі болуы мүмкіндігін айтады. Болжаммен 2030 жылы. «Әлем чемпионаты - бұл жай ғана спорттық жарыс емес. Соңғы уақытта бұл турнир қабылдаушы ел үшін даму катализаторына айналды. Мұнда іс-шарамен байланысты «қысқа» ақшалар, сондай-ақ туристер легінің жоғарылауынан және халықаралық бизнес тарапынан назардың артуынан келетін «ұзын» ақшалар бар. Нәтижесінде сыртқы инвестициялар ағылады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, футболдан әлем чемпионаты елдің жалпы дамуында қуатты драйвер бола алады», - дейді ол.

Назарбаев әлем чемпионатын өткізуге үміткер елдердің көптігі және қатаң бәсеке Қазақстанға тосқауыл болмауы тиіс. «Мен мұны жай ғана қаламаймын, нақты айтқанда, оның іске асуына Қазақстанның өз ішінде және тысқары аумақта қажетті барлық күш-жігерімді салуға жоспарлап отырмын», - деп түйіндеді. 

Соңғы жаңалықтар