Назарбаев Қазақстан байларын ақшаларын халықпен бөлісуге үндеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы 900 млн. теңгеге қайырымдылық көрсетті. Бұл туралы бүгін елордадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінде Ассамблея көптеген қайырымды жандардың басын қосып отыр. Бұл қоғамдық тұрақтылықтың маңызды факторына айналған. Өткен жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы арқылы көрсетілген қайырымдылық көлемі 900 млн. теңгеден асып түсті. Біз кіші отанымыз «Туған жер» жайында айтып жатырмыз ғой. Қазір Қазақстанда бақуатты адамдар аз емес. Міне солар өздерінің кіші отандарына барып, қайырымдылық жасай алады емес пе», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы еліміздің бақуатты азаматтары туған ауылдарына барып, мектеп, спорт кешенін, жолдар, монша, наубайхана салып бере алатындығын баса айтты.

«Біздің барша бизнесмендерге жүгінгім келеді: Үкімет, мемлекет сол ақшаны табу үшін жағдай жасады. Енді сол қаражаттан кішкене халықпен де бөлісіңіздер», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар