Назарбаев бейнеленген банкноттың нақты таралымы белгілі болды
Жаңа банкнотта заманауи қорғаныш элементтері жинақталған. «Біріншіден, арнайы жолақта Астананың понорамалық көріністері, ою-өрнектер және тағы басқа ұлттық нақыштағы суреттер бейнеленген. Купюраның бет жағында даму мен жаңғырудың символы - өмір ағашы көрініс тапқан. Әлбетте, басты сурет ол - Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті. Оны интаглио әдісімен жасаған, бұл - рельефтік баспа. Жалпы, жаңа банкнотта онға жуық қорғаныш элементтері бар», - дейді Т.Әбішева.
Жаңа купюраның таралымы шектеулі. Оны желтоқсанның 1-і - Президент күніне орай шығару жоспарланып отыр. «Таралымы - 100 мың дана. Ол ақшамен есеп айырысуға әбден болады. Бірақ ондай купюраға ие болған адам одан айырылмауға тырысатын сияқты», - дейді басқарма бастығы.
Айта кетейік, бүгін Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында өткен «Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл: ұлттық валюта» тақырыбындағы конференция аясында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген жаңа 10 000 теңгелік банкнотты таныстырды.