Наурызбай ауданы бойынша негізі капиталдың инвестициялық көлемі 7,5 млрд теңгені құрады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының Наурызбай ауданының әкімі Сайран Сайфеденов «Бес институционалдық реформаны жүзеге асырудағы 100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында 2016 жылдың 9 айы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық даму нәтижесін айтты.

Наурызбай ауданы 2014 жылы құрылған, онда 157 мың адам тұрады. Ауданның аумағы 6 967 гектарды немесе 69,67 шаршы метрді құрайды (қала көлемінің 10,1%).

Сайран Сайфеденов Алматы қалалық Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы сөйлеген сөзінде ауданның экономикалық көрсеткіштері жайлы мәлім етті.

Оның дерегіне сәйкес 2016 жылғы 21 қазандағы мәлімет бойынша аудандағы салық мөлшері 3,7 млрд. теңге, оның ішінде 2,2 млрд. теңге өткен жылғы, яғни өсімнің динамикасы 170,1% құраған. Осы жылғы алдын ала болжамның 78,8 %, яғни 4 млрд. 778 млн. 545 мың теңгесі орындалған. 

«Негізгі капитал  инвестициясының көлемі 7,5 млрд. теңге шамасында болған. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 3,6 есе өскен (құрылыс есебінен). Жалпықалалық көлем үлесі 2,2%, негізгі капиталдағы сыртқы инвестиция үлесі жалпы көрсеткіштен 0,5 %-ға (112 млн. 339 мың теңге) жеткен», - деді ол.

Сайран Сайфеденов «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында жұмыстардың жоспары туралы айтты. 874 млн. теңге келесі жұмыстарға жұмсалады: бір балабақшаның жөндеу жұмысы үшін 5,2 млн. теңге, үш мектептің жөндеу жұмыстары үшін 22,5 млн. теңге, бір емхананың жөндеу жұмысы бойынша 13 млн. теңге, 22 шақырым жолдың орташа жөндеу жұмысы үшін 392,5 млн. теңге, 8,3 шақырымдық арық жүйесінің ағымдық жөндеу жұмысы үшін 146 млн. теңге, сыртқы жарықтандыру тіректерінің ағымдық жұмысы үшін 79,7 млн. теңге, 11 алаңның ағымдық жөндеу жұмысы үшін 172,2 млн. теңге бөлінеді.

Аудан әкімі, Қалқаман мөлтекауданында - 1, 2, 3, 4 және Алты-Алашта 6 млрд. теңгеге 7,5 шақырымдық су құбырлары желілері мен 5,5 шақырымдық кәріз желілерін салу жұмыстары жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті. 

«Қазіргі таңда ауданның инженерлік жүйелері бойынша су беру және су тазарту құбырларының құрылысы үшін Ақсай ауданында қашықтығы 10 шақырымдық 199 млн.теңгеге және Қарғалы ауданында 152 млн.теңгеге 10 жобалық-сметалық құжат дайындалуда. Жалпы сомасы 352 млн. теңге, сондай-ақ 7 мөлтекаудандағы магистральдік желілер үшін жалпы сомасы 171 млн. теңге қаржы бөлінді», - деп атап өтті ол.

Ауданның іргесі қаланғалы 1200 орындық  №157 мектеп, Қалқаман шағынауданында ауысымына 200 науқасты қабылдайтын емхана, 4,7 шақырымдық жаяу жүргіншілерге арналған жол, 1,6 шақырымдық арықтар, 2 ұңғыма, 1400 шаршы шақырымдық 1 саябақ, инвесторларды тартудың арқасында аулаларда 16 спорттық және балалар алаңы салынды. Аудан аумағында бірнеше нысандардың құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, мемлекеттік-жеке серіктестік аясында мектептер мен балалар бақшасы тұрғызылуда.

Айта кетейік, «Бес институционалдық реформаны жүзеге асырудағы 100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 34-ші қадамында мемлекеттік-жеке серіктестікті дамыту айтылған. Бұл мәселе Мемлекет басшысының жіті қадағалауында. «Пенитенциярлық мекемелерді салуға, ұстауға және басқаруға жекеменшік секторды тарту жөнінде ұсыныстарды екшеу және халықаралық тәжірибені зерттеу», делінген Ұлт жоспарының 34-ші қадамында.

Соңғы жаңалықтар