NASA 2020 жылы Марстағы өмірді зерттеу үшін арнайы бағдарламаны іске қосады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - NASA ғарыш ұйымы 2020 жылы жаңа технологияларды пайдалана отырып, Марстағы өмірді зерттеу үшін арнайы бағдарламаны іске қосады, деп хабарлайды Росбалт.

Mars Daily басылымының хабарлауынша, сарапшылар әсіресе Қызыл планетаның топырағын жіті зерттемек. Ол үшін ғалымдар Марстың үш түрлі өңірлерінен топырақты алып зерттемек.

Сонымен қатар NASA Марсқа колонизаторларды жіберіп, осы кезде тіпті олар тұратын орындарды да белгілеп қойды. Мамандардың пікірінше, бұған қолайлы Гусев кратері болып отыр. Ол адамдарды желден қорғайды.

Соңғы жаңалықтар