Нарық қатысушылары бензинді қай валютада сатып алады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді арзандатылған дизель отынымен қамтамасыз ету мәселелеріне арналған брифингте «Гелиос» ЖШС Логистика жөніндегі директоры Артур Нам журналистердің сұрағына жауап бере отырып, Ресейден жанар-жағармайды қай валютада сатып алатындарын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Екі ел арасында ешқандай жеңілдік режимі жоқ. Ресей Федерациясынан тауар жеткізуді әлемдік баға белгілеу шарттарына сәйкес жүзеге асырамыз. Біздің ресейлік серіктестер Қазақстанға немесе өзге мемлекеттерге тауар экспорттайтын кезде бағаларды салыстырады, сараптама жасайды және өздеріне тиімді тарапты таңдайды. Содан кейін ғана жеткізілімдер жүзеге асады. Көбінесе, АҚШ доллары арқылы есептесеміз. Рубль арқылы да жанар-жағармай сатып алған келісімшарттар бар», - деді Артур Нам.

Соңғы жаңалықтар