Нью-Йорктің үздік полицейі Ниязов Джейкобс бокс кешінің андеркартында айқасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкенттің тумасы, қазір Нью-Йоркте жұмыс істейтін Димаш Ниязов өзінің келесі кездесуін Дэниэль Джейкобс пен Луис Ариас жекпе-жегінің андеркартында өткізеді, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстандықтың қатысуымен өтетін бокс кеші 11 қараша күні Nassau Coliseum (Нью-Йорк, АҚШ) аренасында ұйымдастырылады. Ниязовқа кім қарсылас болатыны әлі жарияланған жоқ.

Еске сала кетсек, шымкенттік боксшы кәсіпқой бокстағы соңғы жекпе-жегін 9 қыркүйек күні Астанада өткізіп, бразилиялық Эдуардо Перейра дос Рейсті жеңген болатын. 

Соңғы жаңалықтар