Мысырда қазақстандық туристерді үрейге бой алдырмауға шақырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Туризм индустриясы комитеті Египетте демалып жатқан немесе бұл елге демалуды жоспарлаған қазақстандық туристерді курортты аймақтан тыс шықпауды ұсынады.

«Әлемдік бұқаралық ақпарат көздерінің деректерінше, мысырлық Танта қаласындағы коптық шіркеуде болған жарылыс салдарынан 21 адам қаза тауып, тағы 40 адам жарақаттанған.

Сонымен қатар полиция учаскесінің жанында екінші жарылыс туралы да хабарланды.

Зардап шккендердің дәл саны нақтылануда. ҚР Инвестиция  және даму министрлігі Туризм индустриясы комитеті осы елде демалып жатқан немесе демалуды жоспарлап жүрген қазақстандық туристерді курорттық аумақтан тысқары шықпауды ұсынады»,-деп жазды  Фейсбукке  ҚР ИДМ Туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Иғали.

 Бұдан басқа ҚР ИДМ Египетте жүрген қазақстандық азаматтарды үрейге бой алдырмауды,сақтық шараларын сақтауды, халық көп жиналған жерге бармауды, сондай-ақ жергілікті биліктің  кеңесіне құлақ түру қажеттігін ескертеді.

Туризм индустриясы комитеті Египетке турларды жүзеге асыратын туроператорларды өз клиенттеріне болуы мүмкін қауіп-қатерлер және қауіпсіздік талаптарын шұғыл хабарлап отыруға шақырады. 

Соңғы жаңалықтар