Мыңнан астам павлодарлық Елбасының мақаласын талқылады

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Павлодарда Естай атындағы мәдениет сарайында 1000-нан астам адам «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Елбасының мақаласын талқылады. 

Оған депутаттар, бизнесмендер, мәдениет және өнер саласының қайраткерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясы этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері, өндірістік кәсіпорындардың басшылары, жастар мен мемлекеттік қызметшілер қатысты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты ауқымды мақаласында

еліміздің рухани жаңғыру жолындағы болашақ бағыты айқындалып отыр»,-деді өз сөзінде аймақ басшысы Болат Бақауов. «Біз - бірлік пен берекені, тұрақтылық пен келісімді нығайта отыра, «Мәңгілік ел» идеясын шынайы жүзеге асыруға бет алдық. Осы жолда Елбасымыз тұтас қоғамның, әрбір Қазақстан азаматының санасын жаңғыртудың нақты бірнеше бағыттарын айқындап берді. Мемлекет басшысы ауқымды мақаласында еліміздің бәсекеге қабілетті болуын атап өтті. Кез келген ортада бәсекеге қабілетті болу - табысты адамның формуласы. Ол бүгінгі заманның талабы. Сондықтан да Елбасымыз биылғы Жолдауында, «Цифрлы Қазақстан», «Мәдени және конфессияаралық келісім», «Үш тілде оқыту» сияқты бағдарламаларды атап өткен болатын. Жаңғырудың жарқын үлгісі ретінде, Елбасымыз прагматизмнің жарқын үлгілерін ұсынды. Сондықтан да, болашақты болжап, оны тиімді қолдана білу - болашағы жарқын ұлттың айқын мақсаты деп білемін. Алдағы онжылдықта біздің атқаратын жұмыстарымыз - реализм мен прагматизмге негізделуі керек». Сондай-ақ облыс әкімі өз сөзінде Павлодар өңірі мәдениет пен руханияттың қайнаған ортасы екенін айтып, жерлестерімізге оны одан ары дамыту керек екенін ескертті. Сонымен қатар, Елбасы көтерген Қазақстанда латын әліпбиін қолданысқа енгізу мәселесіне де ерекше мән беру керек екенін жеткізді. - Біз осы жолда аянбай еңбек етіп, Ертіс-Баян өңірін түлетіп, рухани-мәдени өмірін жақсартуға бел шеше кірісеміз деп сенемін. Елбасымыз өз мақаласында таяу жылдарға арналған нақты міндеттерді айқындап берді. Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын алфавитіне көшіру. Бұл қазіргі заман талабына сай, технологиялық ортаның коммуникация мен ғылым және білім беру процестеріне байланысты болып отыр. 2018 жылдан бастап, еліміз жаңа алфавитті үйрететін мамандар мен орта мектептерге арналған оқулықтарды шығаруға кірісетін болады. Осы ретте, әсіресе, жаңашыл рухта тәрбие көрген жастарымыз белсенді жұмыс жасау керек. Елбасы жүктеген тағы бір міндет -«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасын жүзеге асыру болып отыр. Еліміздің дамуына осы жылдар ішінде еңбек сіңірген нағыз азаматтар Ертіс-Баян өңірінде аз емес. Бүгінгі заманның тұлғаларын ел-жұрты жан-жақты, тану керек, - деді Болат Бақауов.

 Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ұсынылған мәселелерді өңірдегі журналистер қауымы да қолдайды. Өйткені, Елбасы өз мақаласында: «Туған жер»бағдарламасын қолға алуды ұсынам, осы бағдарламаны іске асыруда БАҚ осыдан туындайтын ұлттық ақпараттық жобалармен жүйелі түрде, мықтап айналысуы керек» деп, журналистер қауымына нақты тапсырмалар жүктеген болатын. Облыстық «Халық радиосы» бас редакторының орынбасары Раушан Сыбанжанованың пікірінше, осы бағдарлама аясында өңіріміздегі киелі орындар мен тарихи жерлерді тағы бір зерттеп шығу керек. - Екібастұз өңіріндегі Ақкөл - Жайылма елді мекенін әулиелі Ақкөл атандырған діннің шамшырағы - Исабек ишан хазірет кесенесі бар. Сол Исабектей хазіретті ұстаз тұтқан Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Шарбақтының тумасы Ғабдылуахит Тіленшіұлы және қазақ әдебиетінің мәңгі жас ақыны атанған Сұлтанмахмұт Торайғыров пен туылғанына 150 жыл толатын ақын Естай Беркімбайұлы жатқан қасиетті орындарды атап өтуге болады. Тауы мен тасы терең тарих пен сыр жасырған Баянауыл өңірінің әрбір шоқысы жатқан бір тарихтың нақ өзі десек болар. Тізе берсек, Ертіс - Баян өңірінің өзінде осындай киелі мекендер өте көп,- деді Раушан Сыбанжанова.   

Соңғы жаңалықтар