Мыңдаған өрмекші алаңға 30 метрлік тор құрып тастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа Зеландиядағы Пленти шығанағы ауданындағы алаңға өрмекшілер  30 метрлік тор құрған. 

Бұл туралы  National Geographic Australia басылымы хабарлады.

Торды бірінші болып балаларымен спортпен айналысуға келген жергілікті тұрғындар  көрген. «Бұл жерде өрмекшілер жоқ деп ойладық, - деді олардың бірі. - Бірақ одан әрі кірсек, аяғымыз торға  шырмала бастады. Жоғарыда қара-қара  болып  тұрған өрмекшілерді байқадық».

Австралиялық арахнолог Кор Винк (Cor Vink)  өрмекшілерді қаптап кетуінен өткен аптада Жаңа Зеландияда нөсер жауын болғанын атап өтті.  Арты су тасқынына ұласты. 

Әдетте, жаңа орынға ауысу үшін өрмекшілер тор жібі арқылы желдің көмегімен ауаға көтеріледі.

Соңғы жаңалықтар