Мұнайдың әлемдік бағасы түрлі деңгейде қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон мен Нью-Йорк шикізат биржаларында мұнайдың дүйсенбі күнгі бағалары түрлі бағыттарда өзгерді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА сауда мәліметтеріне сілтеме жасап.

ICE Futures Лондон биржасында қараша айындағы Brent маркалы мұнайдың фьючерстерін жеткізуді қамтитын келісімшарттарда 0,14 долларға арзандап, мұнай бағасы 1 баррель үшін 55,48 долларға дейін төмендеген.

Ал, Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) қазан айындағы WTI маркасының жеткізіп беруді қамтитын фьючерстері де 0,02 долларға өсіп, мұнай бағасы 1 баррель үшін 49,91 долларға дейін көтерілген.

Соңғы жаңалықтар