Мұнайдың әлемдік бағасы қайта өсіп келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорк биржаларында электрондық сауда-саттық барысында әлемдік мұнай бағасы өсіп келеді, бұны сауда барысындағы мәліметтер растап отыр, деп хабарлайды Gazeta.ru.

Нью-Йорк тауар биржасында  (NYMEX) WTI маркалы жеңіл мұнайдың тамыздағы фьючерстері барреліне 43,09 долларға дейін, 0,82 %-ға қымбаттады.

Brent маркалы мұнайдың тамыз айындағы фьючерстері Лондон ICE Futures сауда биржасында 0,91 процентке өсіп, барреліне $45,63 құрады.

Соңғы жаңалықтар