05:30, 20 Маусым 2017 | GMT +6
Мұнайдың әлемдегі бағасы құлдырай түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы электронды саудада мұнайдың әлемдегі бағасы төмендей түсті, бұны сауда барысындағы мәліметтер растап отыр, деп хабарлайды Gazeta.ru.
Жеңіл маркілі WTI мұнайының шілде айындағы фьючерстері Нью-Йорк сауда биржасында 1,18 процентке құлдырап, барреліне $44,21 құрады.
Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркілі мұнайдың бағасы тамыз айында 82 процентке құлдырап, барреліне $46,98 доллар болды.