Мүмкіндігі шектеулі қыз-келіншектердің «Ұлы дала ханшайымы» байқауы өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың 12 қарашасы күні Алматыда «Ұлы дала ханшайымы» атты сұлулық пен дарындықтың 1-інші қайырымдылық кеші өтеді.

Қазақстанда тұңғыш рет өткізілетін байқаудың қатысушылары - тағдырдың түрлі себебімен мүгедектік арбаға таңылған қыз-келіншектер. Олар физикалық тұрғыда мүмкіндіктері шектеулі болғанымен, рухани мүмкіндіктері шексіз, деп жазды «Алматы әйелдер клубы» Facebook-тағы парақшаларына.

«Біз оларға қоғамға сіңісуге, айналадағы адамдардың қолдауын сезінуге, өздерінің шығармашылық мүмкіндіктерін көрсетуге қолғабыс еткіміз келеді. Анағұрлым толық ақпаратты қосымша орналастыратын боламыз», - делінген жазбада.

Соңғы жаңалықтар