Муай-тай: Дәулет Отарбаев Таиланд королінің кубогын иеленді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -   Қазақстандық муай-тай шебері Дәулет Отарбаев Таиланд астанасы Пхукет қаласында өткен тай боксынан «Bangla FC» турнирінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәулет Отарбаев «Bangla FC» турнирінің финалында қытайлық қарсыласын алғашқы раундта нокаутқа түсірді.

Осылайша, тай боксынан әлемдегі ең мәртебелі жарыс саналатын «Thai Fight» турниріне қатысқан Отарбаев чемпион атанды. Ол осыған дейін муай-тайдан еліміз бен Ресейдің бірнеше дүркін чемпионы атанған болатын. Міне, бүгін Таиланд королінің кубогын да ұтып алды.

Айта кетейік, әлемдегі муай-тай шеберлерінің басын қосатын бәсекеге Қазақстан атынан тек Дәулет Отарбаев қана барады. Бұрын-соңды біздің жігіттер бұл сынға қатысып көрмеген болатын. 

Соңғы жаңалықтар