Мотороллер жүргізген солтүстікқазақстандыққа миллион теңге айыппұл салынады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО полицейлері бір аптада 3 мыңнан астам жол қозғалысы қағидасын бұзушылықты анықтады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заң бұзушылықтың жалпы санынан 447-сі заңды өрескел бұзғандар. Оның ішінде тұрғын үй аумақтарында жол қозғалысы, жолаушылар мен жүктер тасымалдау, қауіпсіздік белбеулерін пайдалану және т.б. қағидаларын  сақтамау бар.

Аққайың ауданы Астрахан ауылында полицейлер 27 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы мотороллерді тоқтатады. Мас күйінде рульге отырған жүргізуші бұдан бұрын 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған болып шықты. Енді ол ҚР ҚК 346-бабы бойынша 200 АЕК (1 АЕК - 269 теңге) дейін айыппұл төлеуі мүмкін», - деді ведомство баспасөз қызметінен.

Қалалық жағажай аумағында 15 жастағы Петропавл тұрғыны басқарған скутер тоқтатылды. Тексеру барысында оның жүргізушілік куәлігі жоқ екені анықталды. Енді жауапсыздығы үшін ата-аналары жауап береді. Оған ҚР ӘҚтК 612-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

СҚО ІІД ЖПҚ бастығы полиция полковнигі Қанат Айтбаевтың айтуынша, 15 маусымнан бастап ведомство  «Жол қозғалысы қауіпсіздігінің онкүндігі» республикалық науқаны аясында жұмыс істеуде. Басты міндет - жолда балалар жарақатының алдын алу.

Соңғы жаңалықтар