Мосулда үйінділер астынан 61 адамның мәйіті табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мосулда қираған ғимараттың үйінділері астынан 61 адамның мәйіттері табылды. 

Тұрғын үй «Ислам мемлекеті» (ИМ) террористік ұйымымен күрес кезінде қираған болатын.

Reuters агенттігі атап өткендей, ИМ содырлары адамдарды ғимараттың жертөлесіне түсуге мәжбүрлеп, үйді «тірі қалқан» ретінде пайдалану мақсатында оны миналап тастаған.

Куәгерлердің айтуынша, тұрғын үй ғимараттың жанында тұрған бомба қойылған көліктің жарылысынан кейін опырылып құлаған. Кейбір деректер бойынша, ол коалицияның авиасоққысы салдарынан жарылған. 

Соңғы жаңалықтар