Монополияға қарсы комитет көмір нарығындағы жағдайға байланысты талдау жүргізуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (ТМРБжТҚҚК) көмір тапшылығы және оның бағасының өсуі туралы келіп түскен шағымдарға және басқа мәліметтерге байланысты көмір нарығындағы жағдайға талдау жүргізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, комитет келісілген әрекеттер және көмірді өткізуде бағаларды белгілеу және ұстап тұру, шектеу бөлігінде нарық субъектілерінің өзінің үстем жағдайын теріс пайдалану белгілерін анықтауды мақсат тұтқан.

«Бұзушылық белгілері тергеу жүргізуді бастауға негіз болады, ал расталған фактілер әкімшілік жауапкершілікке тартылады», делінген хабарламада.

Комитет көмірді өткізу нарығындағы субъектілерге монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін жоғары айыппұл санкциялары бар екенін ескертеді.

«Бағаларды белгілеу және ұстап тұру (бағалық сөз байласу), тауарларды өндіруді не өткізуді негізсіз шектеу бөлігінде бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттерді жасау, сондай-ақ жасанды тапшылық жасау бөлігінде нарық субъектілерінің өзінің үстем немесе монополиялық жағдайын теріс пайдалану фактілері ҚР ӘҚБтК-нің 159-бабы бойынша сараланады, оған сәйкес осы бұзушылық монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған монополиялық кіріс тәркiлене отырып, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған кірістің (түсiмнiң) 3 %-ы, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне - 5 %-ы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады», - деп хабарлайды ТМРБжТҚҚК баспасөз қызметі. 

Комитет азаматтарға көмірді жоғары бағамен сату фактілері кездескен жағдайда сайтта көрсетілген ведомствоның  аумақтық органдарына жүгінуді ұсынады.

Соңғы жаңалықтар