Моңғолияда президент сайлауының екінші кезеңі 9 шілдеде өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Моңғолияда президент сайлауындағы дауыстар саналған соң, сайлаудың бірінші кезеңіндегі бастапқы мәліметке сәйкес Демократиялық партияның үміткері Х.Баттулга мен Моңғол Халық партиясынан М.Энхболд алдыңғы орында тұр. Олардың ешқайсысы 50 пайыз дауыс жинамағандықтан, сайлаудың екінші кезеңі 9 шілде, жексенбі күні өткізіледі, деп мәлім етті елдің Орталық сайлау комитетінің төрағасы Ч.Содномцэрэн.

Моңғолия ОСК мәліметінше , 1 млн 357 мың 788 сайлаушының дауысын есептей келе бірінші кезеңде ең көп дауыс жинаған Х.Баттулга болды, оған 38,64% немесе 511 мың 478 сайлаушы дауыс берген. МХП-ының кандидаты М.Энхболд - 30,75% немесе 411 мың 748 дауыспен екінші орында, ал МХРП өкілі С.Ганабаатар 30,61% немесе 408 мың 899 сайлаушылардың қолдауына ие болды.

Осылайша, мемлекет басшысы қызметіне үміткерлердің ешқайсысы сайлаудың бірінші кезеңінде 50% (+1 дауыс) дауыс жинай алмады, сол себепті ОСК президент сайлауының екінші кезеңін 9 шілде күні қайта өткізуге шешім қабылдады.  

Айта кетейік, Моңғолия президент сайлауының екінші кезеңін алғаш рет өткізгелі отыр. Елде президент төрт жылға сайланып, мемлекет басқаруды екі рет атқара алады. Мемлекеттің қазіргі президенті Ц.Элбегдорж билік басында екінші рет отыр. 

Соңғы жаңалықтар